Бел ортасында [ортасы].

lat: Bel ortasynda [ortasy].

б) Қақ ортасында, тура орта шенінде.

Менен бірі төрт, екіншісі сегіз жас кіші Нақысбек пен Маржанкүл жаңағы көштің бел ортасындағы сары атанның үстінде, көздері жаудырап өтіп кетті (Ә.Кекілбаев, Шығ.).

Сүреңсіз жағдайда жалаңаш жапан түздің бел ортасында күй тарта күлім қаққан шөл еркесі - көк айдын төрінен бетіңе келіп соғатын самал қандай көрікті, қандай рақат дүние десеңізші (Ә.Кекілбаев, Шығ.).

Көлденеңнен қарағанда, сол ұзақтан-ұзақ созылған боз бұйраттардың бел ортасында шұғыл әрекетке кірісті (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).